Қазақстанның 11 өңірі мен қаласында халықаралық деңгейдегі 24 жаңа қонақ үй салу жоспарланып отыр. Бұл жобалар жеке инвестициялар есебінен жүзеге асырылады, деп хабарлайды turkystan.kz.
Халықаралық қонақ үй желілері Қазақстанның өңірлеріне қызығушылық танытып отыр. Оның ішінде туристік және іскерлік бағыттар да бар.
«Біз туристік инфрақұрылымның сапасын арттырып, өңірлердің туристік тартымдылығын күшейту мақсатында халықаралық қонақ үй желілерімен жұмыс жүргізіп жатырмыз. Қазақстанда сапалы орналастыру орындарына деген сұраныс тұрақты түрде артып келеді. Бұл іскерлік белсенділік пен туристер санының көбеюіне байланысты. Халықаралық қонақ үй брендтерінің болуы сервис стандарттарын арттырып қана қоймай, нарықтағы бәсекелестікті де ынталандырады», – деді «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ басқарма төрағасының міндетін атқарушы Даниел Сержанұлы.
Қонақ үй нарығын дамыту экономика үшін туристердің артуынан бастап жаңа жұмыс орындарының ашылуына және бизнестің кеңеюіне дейінгі мультипликативтік әсер береді.