Бүгін бірнеше қаладп ауа сапасы нашарлайды

/
Бүгін бірнеше қаладп ауа сапасы нашарлайды
Pixabay

Бүгін Қазақстанның жеті қаласында жайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасып, ауа ластанады, деп хабарлайды Қазгидромет.

-2025 жылғы 26 қыркүйекте қолайсыз метеорологиялық жағдайлар Қарағанды, Жезқазған, Балқаш, Теміртау, Алматы, түнде Атырау, Астана қалаларында күтіледі, -делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары