Ерекше жол апаты: Қытайда ер адамның басы бағдаршамға кептеліп қалды

/
Ерекше жол апаты: Қытайда ер адамның басы бағдаршамға кептеліп қалды

Қытайдың Чэнду қаласында ерекше жол апаты болды: электр скутер мінген ер адам уақытша қойылған бағдаршамға соғылып, басы құрылғының ішіне кіріп кетіп, шыға алмай қалған, деп хабарлайды turkystan.kz odditycentral.com-ға сілтеме жасап.

Куәгерлердің айтуынша, ер адам құлап түскен сәтте оның басы темірдің ішінде қысылып қалды. Оқиға орнына шақырылған өрт сөндірушілер оны құтқаруға кірісті. Алайда құтқару жұмыстары оңай болмады: мамандар шамамен 40 минут бойы металл қаптаманы абайлап кесіп, ер адамды аман-есен шығарып алды.

Жәбірленуші кейін ауруханаға жеткізіліп, дәрігерлер оның жағдайы тұрақты екенін хабарлады. Денсаулығына айтарлықтай зақым келмегенімен, әлеуметтік желіде бұл оқиға қызу талқыланып, әзілге айналды.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары