Ақтауда дәрігерлер жаңа туған сәбиден 18 сантиметр ісік алды

/
Ақтауда дәрігерлер жаңа туған сәбиден 18 сантиметр ісік алды

Маңғыстау облыстық ана мен бала орталығында өте сирек кездесетін «тератома» диагнозымен нәресте дүниеге келді. Оның құйымшағында көлемі 18 сантиметрлік ісік болған.

Бұл жергілікті дәрігерлердің тәжірибесінде бұрын-соңды болмаған оқиға болды. Дегенмен, мамандар жаңа туған шақалаққа ота жасап, ісікті алып тастады. 

- Қазіргі таңда баланың жағдайы жақсы. Өміріне қауіп жоқ. Анасы екеуі үйіне шығарылды. Бұл жас босанған ананың бесінші жүктілігі. Оған жүктіліктің 20-аптасында нәрестенің құйымшағында ісік бары айтылған. Бастапқыда ота арқылы босандыруды жоспарлаған. Бірақ, әйел жүктіліктің 38 аптасында толғатып, табиғи жолмен босанды, - дейді балалар хирургі Айбек Ғұбайдуллаев. 
Мамандардың айтуынша, «тератома» ұрықтың даму кезінде пайда болатын, өте сирек кездесетін ісік. 

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары