Ақмола облысының Атбасар ауданында болған жол-көлік оқиғасынан 11 жасар қыз көз жұмды, тағы жеті адам ауруханаға жеткізілді. Бұл туралы Ақмола облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды turkystan.kz.
Апат «Фольксваген Гольф» пен «Лада Гранта» маркалы көліктердің қатысуымен болған.
Оқиға орнында «Фольксваген Гольф» автокөлігінің кәмелетке толмаған жолаушысы қаза тапты. Сол көліктің жүргізушісі мен төрт жолаушысы, сондай-ақ екінші көліктің жүргізушісі мен жолаушысы түрлі дене жарақаттарымен медициналық мекемеге жатқызылды, – делінген ведомство мәліметінде.
Қазіргі уақытта полиция сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр. Оның қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады.