«Бүйрегін жаратпай тастаған»: Қостанайда медицина қызметкері ер адамды аяусыз ұрып-соққан (ВИДЕО)

/
«Бүйрегін жаратпай тастаған»: Қостанайда медицина қызметкері ер адамды аяусыз ұрып-соққан (ВИДЕО)
istockphoto

Қостанайда уақытша бейімдеу және детоксикация орталығының (айықтырғыш) медицина қызметкері 61 жастағы ер адамды аяусыз ұрып-соққаны анықталды. Оқиға салдарынан жәбірленушінің қабырғалары сынған, бүйрегі зақымдалып, кейін дәрігерлер оны алып тастауға мәжбүр болған, деп хабарлайды turkystan.kz.

Марқұмның қызы әлеуметтік желіде бейнежазба жариялап, әкесінің жағдайына қызметкердің әрекеті себеп болғанын мәлімдеді. Оның айтуынша, жанжал темекі шегу кезінде басталған.

Қостанай облысының полиция департаменті аталған фактіге қатысты қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынған.

Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру фактісі бойынша іс тіркелді. Қазіргі таңда қажетті тергеу амалдары жүргізілуде. Жақын арада істің материалдары сотқа жолданады, – делінген ведомство хабарламасында.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары