391
Қырғыз түрмелерінде 185 террорист және экстермист жазасын өтеуде
Қырғыз түрмелерінде 185 террорист және экстермист жазасын өтеуде
Қырғызстан түрмелерінде терроризм және экстремизм айыбымен 185 адам жазасын өтеуде. Бұл сандарды 11 сәуірде Жазаны орындау мемлекеттік қызметінің (ЖОМҚ) өкілі Ұлықбек Артықов құқық қорғау органдары мен азаматтық қоғам және халықаралық ұйымдар өкілдерінің қатысуымен өткен жиында мәлімдеді, деп хабарлайды Орталық Азияның жаңалықтар қызметі.
Ұлықбек Артықовтың сөздерінше, терроризммен айыпталған сотталушылардың ішінде жетеуі әйел, 17 адам өзге елдің азаматы. Ол жазасын өтеушілер түрмеде де өздерінің идеологиясын насихаттап, өзге тұтқындарды қатарына қосуды мақсат тұтады дейді.
Жазаны орындау қызметінің мәліметінше, 185 адамнан басқа, тағы 52 адам жалпы қоныстану мекемесінде, 152 азамат мекемеде есепте тұрады.