24 қыркүйек күні Халықаралық «Ұлы дала жорығы» марафон-бәйгесінің бесінші кезеңі аяқталды.
Таңертең 11 команда жорықты жалғап Қостанай облысы, Амангелді ауданынан шығып, Арқалық қаласының маңына келіп тоқтады.
Бесінші кезең 450 шақырымның қорытындысы бойынша, Қырғызстанның бірінші командасы жеңімпаз атанды. Ақтөбе облысының командасы екінші, Қостанай облысы бірінші командасы үздік үштікті түйіндеді.
Бүгінгі күн яғни 100 шақырымда Қырғызстанның бірінші командасы топ жарды. Күннің үздігі атанып арнайы кубокқа ие болды.
Жол қашықтығы 500 шақырымды құрайды және бағыт Қостанай облысының аумағын қамтиды. Марафон 25-қыркүйек яғни ертең Қостанай облысы Арқалық қаласының маңында мәреге жетіп, жеңімпаздар анықталады. Арнайы марапаттау рәсімі өтеді.
Қолдау көрсетушілер: «Amanat» партиясы және Қостанай облысының әкімдігі
Жобаның басты серіктесі: «Sport Qory» спортты дамыту қоры, ҚР Ұлттық спорт қауымдастығы,
Ақпараттық серіктестер: «Хабар», «Қазақстан» «Астана» телеарналары.
Жоба Міржақып Дулатұлының 140 жылдығы және Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы аясында өтіп жатыр.
«Ұлы Дала Жорығы» – үздік жылқы тұқымы анықталатын далалық лаборатория.
Марафон жаңалықтарын www.joryq.kz ресми сайтында, әлеуметтік желілерде бақылаңыз: fb - JORYQ, Instagram - joryqofficial, Tik-Tok - JORYQ, youtube - JORYQ.