Бангкок көшелерінің бірінде 50 метр тереңдігі бар шұңқыр пайда болды

/
Бангкок көшелерінің бірінде 50 метр тереңдігі бар шұңқыр пайда болды

Бангкоктағы қарбалас көшенің бір бөлігі опырылып, жер астына түсіп кеткен, деп хабарлайды turkystan.kz.

Oқиға Дусит ауданында, Ваджира ауруханасының алдында болған. Пайда болған шұңқырдың көлемі шамамен 30×30 метрді құрайды, ал тереңдігі 50 метрден асады. Жердің опырылуы әлі де жалғасуда.

Алдын ала мәлімет бойынша, зардап шеккендер жоқ. Оқиға орнында арнайы қызмет өкілдері жұмыс істеп жатыр, көлік қозғалысы тоқтатылған.

Кадрларда көліктердің бірінің тура жардың шетінде қалып қойғанын да көруге болады. 

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары