Алматыда дәмхана өртеніп кетті (ВИДЕО)

/
Алматыда дәмхана өртеніп кетті (ВИДЕО)
скриншот

24 қыркүйекте Алматыда Брусиловский көшесінде орналасқан кафеден өрт шықты. Оқиға орнында құтқарушылар жұмыс істеп жатыр, деп хабарлайды turkystan.kz.

ТЖМ мәліметінше, 24 қыркүйекте сағат 10:28-де ТЖД күштері мен құралдары Алмалы ауданы Брусиловский көшесінде отқа оранған кафе туралы хабарлама бойынша оқиға орнына жіберілді. Дәмхана қызметкерлерінің айтуынша, ішінде адамдар болмаған.

Дәмханадан шыққан ашық жалын жақын маңдағы ғимараттарға қауіп төндірген. Өрт сөндіруге өрт сөндіру оқпандары қосылып, су үздіксіз беріліп отырды.

Атқарылған жедел шаралардың арқасында өрт 10:56-да оқшауланды

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары