Жиі рамен жейтін ер адамдар ерте қайтыс болуы мүмкін – жапон ғалымдары

/
Жиі рамен жейтін ер адамдар ерте қайтыс болуы мүмкін – жапон ғалымдары
сурет: istockphoto.com

Жапон ғалымдар ер адамдар арасында раменді жиі тұтыну денсаулыққа айтарлықтай зиян тигізуі мүмкін екенін анықтады. Енэдзава тағамтану университетінің зерттеушілері жүргізген жұмыс Journal of Nutrition, Health and Aging журналында жарияланды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Зерттеуге 40 жастан асқан 6 700-ден астам адам қатысты. Қатысушыларды раменді қаншалықты жиі жейтініне қарай бірнеше топқа бөлген: айына бір реттен аз жейтіндерден бастап, аптасына үш рет, одан да жиі жейтіндерге дейін.

Талдау көрсеткендей, раменді жиі жейтіндерде артық салмақ, темекі шегу, алкоголь қолдану және қант диабеті мен гипертония сияқты аурулар жиі кездескен. Әсіресе аптасына үш реттен артық рамен жейтіндерде ерте өлім қаупі жоғарылаған.

Ғалымдар ерлер арасында, әсіресе 70 жастан асқан және сорпасын толық ішіп қоятындарда қауіптің күшейгенін айтады. Себебі сорпада тұз бен майдың концентрациясы жоғары сақталады. Бұл заттардың артық болуы қан қысымын көтеріп, салмақ қосуды және жүрек-қантамыр жүйесіне артық салмақ түсіреді.

Зерттеу тек бақылау сипатына ие болғанымен, мамандардың айтуынша, алынған мәліметтер раменді жиі жеу әсіресе орта жастағы ер адамдардың денсаулығына қауіп төндіретін фактор болуы мүмкін екенін меңзейді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары