Сусабынды қалай таңдау керек? – дерматолог маман түсіндірді

/
Сусабынды қалай таңдау керек? – дерматолог маман түсіндірді
сурет: istockphoto.com

Шашыңызды күту үшін қымбат өнімдерді сатып алу міндетті емес. «Фомина клиникасы» желісінің дерматологы Наталия Сирмайс Zdorovye Mail басылымына берген сұхбатында қолжетімді бағадағы шампуньді таңдаудың бес негізгі қағидасына тоқталды, деп хабарлайды turkystan.kz.

– Қарапайым, қалтаңызды қақпайтын сусабын да шашты жарқыратып, көлем беріп, қорғай алады, – дейді маман.

Шампунь сатып аларда мына жайттарға назар аударған жөн:

Құрамы. Құрғақ шаш немесе сезімтал теріге натрий лаурилсульфаты (SLS), натрий лауретсульфаты (SLES) бар құралдар зиян келтіруі мүмкін. Сонымен қатар парабендер, фталаттар мен жасанды хош иістендіргіштерден аулақ болған дұрыс.

Шаш түрі. Өзіңіздің шашыңызға сәйкес шампунь таңдаңыз: құрғақ, майлы, зақымдалған, қалыпты немесе боялған шашқа арналған түрлері бар.

рН-балансы. Басыңыздың табиғи қышқылдығын сақтау үшін рН 5,5 шамасындағы бейтарап өнімдер тиімді.

Бас терісінің жағдайы. Қайызғақ, қышыну немесе жоғары сезімталдық болса, арнайы емдік шампунь қолданыңыз. Мүмкіндік болса, трихологпен кеңескен жөн.

Сенімді өндіруші мен дүкен. Беделі жақсы брендтер эконом-сегментте де сапалы өнім ұсынады. Үлкен дүкендер мен дәріханалардан сатып алып, жалған өнімнен сақтанған абзал. Пікірлерді мұқият оқып шығыңыз, әсіресе бірден үлкен көлемді алсаңыз.

Дерматологтың айтуынша, дұрыс таңдалған шампунь шаштың сұлулығы мен денсаулығын сақтап қана қоймай, қалтаға да салмақ түсірмейді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары