319
Махмуд Ахмадинежад қайтадан Иран президенті болуға ниетті
Махмуд Ахмадинежад қайтадан Иран президенті болуға ниетті
Иранның бұрынғы президенті Махмуд Ахмадинежад президенттік сайлауға өзін ұсынды. Бұл туралы ИРНА агенттігіне сілтеме жасап Орталық Азияның жаңалықтар қызметі хабарлады.
12 сәуірде ІІМ ғимаратына сайлауға тіркелуге барған кезде, Ахмадинежадпен ол президент болып тұрған кездегі кеңесшілері болған Эсфандияр Рахим Машаи мен Хамидреза Бакаи еріп барған.
Осының алдында Ахмадинежадтың президенттік сайлауға түсуіне қарсы болып аятолла Али Хаменеи сөйлеген. Махмуд Ахмадинежад 2005-2013 жылдары Иран президенті болды. Оны Хасан Рухани ауыстырды.
Иран президенттік сайлауына үміткерлерді тіркеу 10 сәуірде басталды. Тіркеу бес күнге созылады. Одан кейін Конституцияны қорғау кеңесі тіркелген үміткерлерді тексеріп, нақты тізімді 26-27 сәуірде шығарады.
Иранда 12-президент сайлауы 19 мамырда өтеді.