ТЖМ науқас әйелді тікұшақпен Ақтөбеге жеткізді

/
ТЖМ науқас әйелді тікұшақпен Ақтөбеге жеткізді
Видеодан скриншот

ТЖМ «Қазавиақұтқару» экипажы Санитарлық авиация бригадасымен бірлесіп, Қандыағаш қаласынан Ақтөбеге 1999 жылы туған әйелді жедел түрде жеткізді.

Науқастың жағдайы шұғыл медициналық көмекті қажет еткендіктен, министрліктің тікұшағын пайдалану туралы шешім қабылданды.

Бұл қысқа мерзім ішінде алыс қашықтықты еңсеріп, науқасты ауруханаға уақытылы жеткізуге мүмкіндік берді.

Құтқарушылар мен медицина қызметкерлерінің үйлесімді әрекеті қауіпсіз тасымалдауды қамтамасыз етіп, адам өмірін аман алып қалды.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары