Ұлы дала жорығы: Төртінші кезеңде жетісулық шабандоздар мәреге бірінші жетті

Ұлы дала жорығы: Төртінші кезеңде жетісулық шабандоздар мәреге бірінші жетті

23-қыркүйек күні Халықаралық «Ұлы дала жорығы» марафон-бәйгесінің төртінші кезеңі аяқталды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Таңертең 13 команда жорықты жалғап Қостанай облысы, Жангелдин ауданы, Қызбел ауылынан шығып, Амангелді ауданы, Амангелді ауылына келді.

Төртінші кезең 350 шақырымның қорытындысы бойынша, Жетісу облысының командасы жеңімпаз атанды. Қырғызстанның бірінші командасы екінші, Маңғыстау облысының Көкмойнақ командасы үздік үштікті түйіндеді.

Бүгінгі күн яғни 100 шақырымда Ақтөбе облысының командасы үздік атанды. Күннің жеңімпазы атанып арнайы кубокқа ие болды.

Жол қашықтығы 500 шақырымды құрайды және бағыт Қостанай облысының аумағын қамтиды. Марафон 25-қыркүйек күні Қостанай облысы Арқалық қаласының маңында мәреге жетеді.

Қолдау көрсетушілер: «Amanat» партиясы және Қостанай облысының әкімдігі

Жобаның басты серіктесі: ҚР Ұлттық спорт қауымдастығы

Ақпараттық серіктестер: «Хабар», «Қазақстан» «Астана» телеарналары.

Жоба Міржақып Дулатұлының 140 жылдығы және Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы аясында өтіп жатыр.

«Ұлы Дала Жорығы» – үздік жылқы тұқымы анықталатын далалық лаборатория.

Марафон жаңалықтарын www.joryq.kz ресми сайтында, әлеуметтік желілерде бақылаңыз: fb - JORYQ, Instagram - joryqofficial, Tik-Tok - JORYQ, youtube - JORYQ.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары