Қордай аудандық соты Н. есімді азаматтың «M.» ЖШС-не қатысты жалақы қарызын өндіру туралы азаматтық талабын қарады, деп хабарлайды turkystan.kz.
Сот анықтағандай, талап қоюшы 2020 жылдың желтоқсанынан 2023 жылдың маусымына дейін компанияда күрделі құрылыс қызметінің басшысы болып жұмыс істеген. Еңбек шартына сәйкес оның айлық жалақысы 1 млн теңге болып белгіленген. Алайда 2021 жылдың шілдесінен бастап 2023 жылдың маусымына дейін жұмыс беруші жалақыны төлемеген.
Компанияның ресми анықтамасы мен бас директор қол қойған хатқа сәйкес, қызметкер алдындағы берешек «92,3 млн теңгені» құраған. Қызметкер төлем жасалмағандықтан, сотқа жүгінуге мәжбүр болған.
Сот шешімімен «M.» ЖШС талап қоюшының пайдасына 92,3 млн теңге сомасында жалақы қарызын төлеуге міндеттелді. Сонымен қатар, жауапкерден 923 мың теңге мөлшерінде мемлекеттік баж өндірілді.