Ақтөбе облысында 500-ден аса гектар жер өртеніп кетті

/
Ақтөбе облысында 500-ден аса гектар жер өртеніп кетті
ТЖД

Ақтөбе облысында 500-ден аса гектар жердегі құрғақ шөп өртенді, деп хабарлайды turkystan.kz.

22 қыркүйек күні Ақтөбе облысында 575 га ашық аумақта құрғақ шөп жанып кетті.

Оқиға Ойыл ауданы Сарыалжан ауылынан 60 шақырым жерде, Батыс Қазақстан облысының Қобда ауданымен шекара тұсында болған.

«Өртті сөндіруге ТЖД мен жергілікті атқарушы органдардың күштері мен құралдары тартылды. Барлығы өртті сөндіру жұмыстарына жеке құрамнан 85 адам, 18 техника жұмылдырылды.

Өрт сөндірушілер мен жергілікті атқарушы органдардың жедел әрі үйлесімді әрекеттерінің нәтижесінде өрт 23 қыркүйек күні 03 сағат 35 минутта толықтай сөндірілді.

Зардап шеккендер жоқ. Елді мекендер мен нысандарға қауіп төнген жоқ», - делінген ТЖД хабарламасында.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары