Алматылық шабандоз екі тұлпармен қатар шауып, рекорд орнатты

/
Алматылық шабандоз екі тұлпармен қатар шауып, рекорд орнатты

Алматы ипподромында әлемдік рекорд орнатылды. Шабандоз Ернар Жасұзақ екі аттың үстінде тұрып, 2 шақырымды шамамен сағатына 60 км жылдамдықпен жүріп өтті, деп хабарлайды turkystan.kz.

Көрсетілім көрермендердің көз алдында өтіп, нағыз шоуға айналды. Global Book of Records өкілдері қазақстандықтың жетістігін ресми түрде тіркеді.

Ернар Жасұзақ ұлттық өнер орталығы «Топ Жарғанның» өкілі. Оның жетістігіне орай «Топ Бәйге» ұжымы құттықтау жолдап, бұл рекорд қазақ шабандоздарының күшін, батылдығы мен шеберлігін паш ететінін атап өтті.

Бұған дейін елде ұлттық спорт күні аталып өткен еді. Бұл мереке – Қазақстанның мәдени мұрасының маңызды бөлігі болып саналатын дәстүрлі спорт түрлеріне арналған.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары