Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев Үкімет отырысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндады, деп хабарлайды turkystan.kz.
Ол жалпы ӘМАТ бағасын тұрақтандыру бойынша жұмыс ұйымдастырылғанын және бақылауда екенін атап өтті. Апта сайынғы негізде кеңестер өткізіледі, онда әрбір тауар мен өңір бөлінісіндегі мәселелер жедел түрде шешіледі.
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының баға индексі жыл басынан бері 100,8%-ды, тамызда 0%-ды, қыркүйектің алғашқы үш аптасында 0,1%-ды құрады.
«Көкөніс тобы тамыз айының басынан бастап картоп, сәбіз және пияз сияқты өнімдерге бағаның өсуін орта есеппен 2,5 есе төмендете алды. Тұз, жұмыртқа, картоп және күнбағыс майы бойынша отандық өндірушілермен жыл соңына дейін бағаны белгілеу жөнінде меморандумдар жасалды. Макарон өнімдері, ұн және күріш бойынша индекс көрсеткіші төмендеген», — деді Арман Шаққалиев.
Ішкі нарықты толықтыру үшін 15 мамырдан бастап тірі малды әкетуге тыйым салынды, сонымен қатар ет әкетуді ветеринарлық бақылауды күшейту және сиыр етін экспорттау квотасын тек ет өңдеуші кәсіпорындарға белгілеу жөніндегі ұсыныстар қолдау тапты.
Қосымша сиыр еті бойынша фермерлерден сауда желілеріне ет жеткізуді қамтамасыз ету үшін сауда желілерімен келісімге қол жеткізілді. Ішкі нарықты қамтамасыз ету үшін қажетті көлемді АШМ қамтамасыз етеді.
Бақылау шаралары аясында және делдалдық схемаларды тергеу жөніндегі комиссияның жұмысы барысында тиімсіз делдалдар анықталып, жойылуда.