Инвестиция тарту бағытында табанды әрі жүйелі жұмыс жүргізілуде – Ерлан Қарин

/
Инвестиция тарту бағытында табанды әрі жүйелі жұмыс жүргізілуде – Ерлан Қарин
gov.kz

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин елімізге инвестиция тарту жұмысы қарқынды жүргізіліп жатқанын айтты, деп хабарлайды turkystan.kz.

«Жуырда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қытайға сапарында құны шамамен 15 млрд долларға тең 70 келісімге қол қойылды. Президенттің осы жолғы АҚШ сапары да айтарлықтай табысты өтіп жатыр. Американың бизнес капитандарымен болашағы зор бірқатар жобаны жүзеге асыру жөнінде келісімдерге қол жеткізілді. Әңгіме Wabtec, PepsiCo, Amazon, Chevron және тағы басқа ірі компаниялар жайында болып отыр. Мәселен, Wabtec компаниясымен құны шамамен 4,2 млрд долларды құрайтын келісім жасалды. Инвестиция тарту бағытында табанды әрі жүйелі жұмыс жүргізілуде», – деп жазды Е. Қарин әлеуметтік желідегі парақшасында.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары