Парк қызметкерлері Шарын ерен тоғайының аумағында Қызыл кітапқа енген орман қарақасын (лесная соня) кадрға түсіріп алды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Қызыл кітапқа енген жануарды кездестіру – табиғаттың бізге берген ерекше сыйы.
Мұндай сәттер табиғатты қорғау мен сақтаудың қаншалықты маңызды екенін тағы бір мәрте дәлелдейді.
Орман қарақасы (Dryomys nitedula) Қазақстанның Қызыл кітабына 3-санат бойынша енгізілген, бұл оның ареалы қысқарып келе жатқан сирек түр екенін білдіреді. Сондай-ақ ол – ТМД фаунасында монотипті туыстың жалғыз өкілі, - делінген хабарламада.
Орман қарақасы (Dryomys nitedula) – ормандар мен бұталы тоғайларда тіршілік ететін ұсақ кеміргіш. Қазақстанның Қызыл кітабында ол «Д» санатымен енгізілген – яғни жеткілікті зерттелмеген, жойылып кету қаупі бар түр.
Орман қарақасына төнетін негізгі қауіптер – оның тіршілік ету ортасының бұзылуы, браконьерлік және климаттың өзгеруі. Халықаралық табиғатты қорғау одағының Қызыл тізімінде де ол сирек түр ретінде көрсетілген.
Қазақстанда кейбір қорықтар мен қорықшаларда қорғалады. Орман қарақасын сақтау үшін оның саны мен таралу аясын зерттеу, сондай-ақ мекен ету ортасын қорғау шараларын қабылдау қажет.