Қазгидромет ауа райына байланысты дауылды ескерту жасады

/
Қазгидромет ауа райына байланысты дауылды ескерту жасады
istockphoto

Бүгін, 23 қыркүйекте Қазақстанның 14 облысында ауа райына байланысты дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды turkystan.kz "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап.

Синоптиктердің мәліметінше, еліміздің бірқатар өңірінде қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ жауады. Кей жерлерде тұман түсіп, желдің екпіні 15-25 м/с-қа дейін жетеді.

Атап айтқанда, Алматы облысының таулы аймақтарында жаңбырмен қатар қар жаууы мүмкін. 

Шығыс Қазақстан мен Абай облыстарында бұршақ күтіледі. 

Қарағанды, Жамбыл, Жетісу және Павлодар облыстарында найзағай мен қатты нөсер болжануда.

Сонымен қатар, Қызылорда, Түркістан, Атырау, Батыс Қазақстан және Қостанай облыстарының кей аумақтарында өрт қаупі жоғары деңгейде сақталады.

Алматы қаласында таңертең және күндіз қатты жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел екпіні 18 м/с-қа дейін жетуі ықтимал.

Төтенше жағдайлар қызметі тұрғындарға сақтық шараларын қатаң сақтауды ескертеді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары