Қазақстан мен АҚШ арасындағы көлік саласындағы ынтымақтастық айтарлықтай нығаймақ – Президент

/
Қазақстан мен АҚШ арасындағы көлік саласындағы ынтымақтастық айтарлықтай нығаймақ – Президент
Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев америкалық компания өкілдерімен өткен кездесуде Қазақстанның көлік және логистика секторындағы кең мүмкіндіктеріне тоқталды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Сондай-ақ Транскаспий халықаралық көлік бағдарын дамытудың келешегі зор екеніне назар аударды. 

– Біз Wabtec компаниясының еліміздегі машина жасау және теміржол көлігі салаларын ілгерілетудегі негізгі рөлін жоғары бағалаймыз. Қазақстан аталған компаниямен серіктесе отырып, физикалық желілерді ғана емес, үлкен дерекқорға негізделген интеллектуалды, интеграцияланған көлік дәліздерін де құрып жатыр. Бүгін Wabtec компаниясымен 4 миллиард долларға жуық қаржының жаңа келісіміне қол қойылды. Бұл еліміздің АҚШ-пен көлік саласындағы ынтымақтастығын айтарлықтай нығайтады. Air Astana және SCAT сияқты алдыңғы қатарлы әуе компаниялары Boeing ұшақтарын пайдаланады. Азаматтық авиация паркіміздің негізі осы ұшақтардан құралған. Біз Boeing компаниясымен ынтымақтастықты кеңейтуге және таяу жылдары жаңа ұшақтар алуға ниеттіміз, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары