Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ-тың бизнес өкілдерімен өткен кездесуде оларды Қазақстанның ауыл шаруашылығы әлеуетін барынша пайдалануға шақырды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Президенттің пікірінше, өзара тиімді ынтымақтастықтың тағы бір перспективті бағыты – агроөнеркәсіп кешені.
Егістік жерлерінің көлемі жағынан әлемде алтыншы орын алатын және ең ірі астық экспорттаушылардың ондығына кіретін Қазақстанның аталған саладағы мүмкіндіктері америкалық әріптестерді қызықтыруға тиіс.
– Америкалық компанияларды Қазақстанның ауыл шаруашылығы әлеуетін барынша пайдалануға шақырамыз. Біз PepsiCo және Mars компанияларының заманауи, экспортқа бағдарланған зауыт салу жоспарын құптаймыз. Аталған бастамалар Қазақстанның экспорттық қуатын арттырып қана қоймай, өнімдеріміздің жаңа өңірлік нарықтарға шығуына мүмкіндік береді. Ынтымақтастығымызды одан әрі нығайту үшін орнықты ауыл шаруашылығын дамытуды, су ресурстарын үнемдеп пайдалануды және аталған саланы цифрландыруды көздейтін ортақ Агроинновациялық бағдарлама жасауды ұсынамыз, – деді Мемлекет басшысы.