Роман Скляр Германия министрімен сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейту мәселелерін талқылады

Роман Скляр Германия министрімен сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейту мәселелерін талқылады
primeminister.kz

ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр Германия Федеративтік Республикасының экономика және энергетика министрі Катерина Райхемен онлайн кездесу өткізді, деп хабарлайды turkystan.kz. 

Тараптар өнеркәсіп, энергетика, сауда, көлік, логистика, ауыл шаруашылығы және екі ел үшін басқа да басым бағыттар бойынша сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі кеңейту мәселелерін талқылады.

Роман Скляр қазіргі таңда Қазақстан мен Германия арасында «шикізат, өнеркәсіп және технологиялар» формуласы бойынша тиімді кооперация жүргізуге мүмкіндік беретін негіздемелік шарттар мен институционалдық тетіктердің кешенді архитектурасы қалыптасқанын атап өтті. Бұл екі тарап үшін де «win-win» нәтижелеріне қол жеткізуге жол ашады.

Өз кезегінде Катерина Райхе Қазақстанмен энергетика және ресурстар саласындағы ынтымақтастық Германия экономикасы үшін ең қажет бағыттардың бірі екенін жеткізді.

Кездесу соңында тараптар екіжақты экономикалық байланыстардың барлық спектрі бойынша кооперацияны нығайтуға дайын екендіктерін білдірді.

Сонымен қатар тараптар 24 қыркүйекте өтетін Қазақстан-Германия Сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық жұмыс тобы (ҮЖТ) 15-ші отырысының күн тәртібін талқылады.

Келіссөздер қорытындысы бойынша ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр Германия Федеративтік Республикасының экономика және энергетика министрі Катерина Райхені Астанаға сапармен келуге шақырды.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары