Amazon компаниясының аға вице-президенті Дэвид Запольски Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевпен Нью-Йоркте өткен кездесуде Қазақстанды жылдамдығы жоғары және арзан интернетпен қамтамасыз ететінін мәлімдеді, деп хабарлайды turkystan.kz.
"Сізбен кездесу біз үшін үлкен мәртебе. Бүкіл командамыз Сізбен кездескенімізге қуаныштымыз. Еліңіздің Үкіметімен және «Қазақтелеком» компаниясымен осы келісімге қол жеткізу жолында еңбек еткен барлық азаматтарға алғыс айтамын. Сіздің цифрлық технологияларды енгізу бастамаңызды қуаттаймыз.
Бұл біздің Орталық Азиядағы алғашқы ірі және ең маңызды жобамыз. Мұны мақтан тұтамыз. «Қазақтелеком» компаниясымен бірге тұрғындарды жылдамдығы жоғары және арзан интернетпен қамтамасыз етеміз. Аталған жобаны ілгерілетуге ықыластымыз", – деді Amazon.вице-президенті.