«ЦОН» мобильді қосымшасында жаңа «Көлік тарихы» қызметі іске қосылды. Бұл арқылы көлік жайлы толық ақпаратты білуге болады, деп хабарлайды turkystan.kz.
«Ол үшін ЖСН мен телефон нөміріңізбен кіріп, VIN-кодты енгізу жеткілікті. Осылайша, қызмет сізге дайын анықтама береді.
Бір тексерістің бағасы – 500 теңге. Сондай-ақ, басқа да тиімді ұсыныстар бар: 10 тексеріс – 4500 теңге, 20 тексеріс – 8000 теңге.
Бұл қызмет көлік аларда қауіпсіздікті күшейтіп, алаяқтықтан сақтануға көмектеседі», - делінген хабарлмада.