Кейбір өңірлерде ауа температурасы +28 градусқа дейін жылынады деп болжанып отыр, деп хабарлайды turkystan.kz.
«Қазгидромет» мәліметінше, ел аумағы арқылы атмосфералық фронттар өтуде, сондықтан көптеген өңірлерде жаңбыр жалғасады, батыс пен оңтүстікте найзағай ойнайды. 23 қыркүйекте шығыста, 23-24 қыркүйекте елдің оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр жауады. Таулы аймақтарда түнгі уақытта жаңбыр қарға ұласуы мүмкін.
Жалпы республика бойынша желдің күшеюі, түнгі және таңертеңгі сағаттарда тұман болжанады. Сонымен қатар күндізгі температураның біртіндеп 20-28 градусқа дейін, шығыста 10-15 градустан 15-25 градусқа дейін жылынуы күтіледі.