Павлодарда облысының Полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы іс-қимыл қызметкерлері әскери қызметкерден ақша бопсалады деген күдікпен облыс орталығының екі тұрғынын ұстады, деп хабарлайды turkystan.kz.
– Тергеу деректеріне сәйкес, күдіктілер бірнеше ай бойы әскери қызметшіге моральдық-психологиялық қысым көрсетіп, оның ақшалай қаражатын иемденген. Белгілі болғандай, ұсталғандар бұрын бірқатар қылмыс жасады деген күдікке ілінген адамдардың ортасында жүрген. Қазіргі уақытта екі күдікті сот санкциясымен 2 ай мерзімге қамауға алынды. Тергеу жалғасуда, сондай-ақ олардың басқа қылмыстық эпизодтарға қатыстылығы тексерілуде, – дейді Павлодар облысы ПД бастығының бірінші орынбасары Болат Нұрсейітов.
Полиция азаматтарды бейжай қалмауға және кез келген бопсалау немесе заңсыз әрекет фактілері туралы хабарлауға шақырады. Барлық өтініш қатаң құпия түрде қаралады.