Ұлы дала жорығы: Екінші кезеңде Жетісу облысының шабандоздары жеңіске жетті

/
Ұлы дала жорығы: Екінші кезеңде Жетісу облысының шабандоздары жеңіске жетті
Фото: JORYQ ат спорты федерациясы

21-қыркүйек күні Халықаралық «Ұлы дала жорығы» марафон-бәйгесінің екінші кезеңі аяқталды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Таңертең 17 команда Қостанай облысы, Жангелдин ауданы, Тәуіш ауылы маңынан жорықты жалғап, Жангелдин ауданы, Қызбел ауылына аялдады.

Екінші кезең 150 шақырымның қорытындысы бойынша, Жетісу облысы командасы жеңімпаз атанды. Қырғызстанның бірінші командасы мәре сызығына екінші болып жетсе, Абай облысының командасы үштікті түйіндеді.

Халықаралық «Ұлы дала жорығы» марафон-бәйгесі
Екінші кезең 150 шақырым нәтижесі: 

1 – Жетісу облысы – 07:02:57
2 – Қырғызстан-1 – 07:03:25
3 – Абай облысы – 07:10:36
4 – Ұлытау облысы – 07:13:58
5 – Қырғызстан-2 – 07:23:20
6 – Алматы облысы – 07:33:48
7 – Қостанай облысы-1 – 07:38:10
8 – Маңғыстау облысы-Көкмойнақ – 07:39:46
9 - Қабардин-Балқар 
(РФ) – 07:41:05
10 – ШҚО – 07:57:34
11 – Алматы қаласы – 07:57:43
12 – Ақтөбе облысы – 08:02:20
13 – Астана қаласы – 08:10:01
14 – Маңғыстау облысы-Суын – 08:11:26
15 – Қостанай облысы-2 – 08:14:21
16 – Бірлік командасы – 10:06:29
17 – Атырау облысы – Жарыстан шығып қалды
18 – БҚО – Жарыстан шығып қалды

Бүгінгі күн яғни 100 шақырымда Жетісу облысының командасы топ жарды. Күннің үздігі атанып арнайы кубокқа ие болды.

Жол қашықтығы 500 шақырымды құрайды және бағыт Қостанай облысының аумағын қамтиды. Марафон 25-қыркүйек күні Қостанай облысы Арқалық қаласының  маңында мәреге жетеді.

Y«Amanat» партиясы және Қостанай облысының әкімдігі
Жобаның басты серіктесі: ҚР Ұлттық спорт қауымдастығы
Ақпараттық серіктестер: «Хабар», «Қазақстан» «Астана» телеарналары.

Халықаралық «Ұлы дала жорығы» марафон-бәйгесінің жоғарғы деңгейде өтуіне атсалысып, шабандоздар мен атбегілерге бар мүмкіндікті жасап жатқан Қостанай облысының әкімдігіне және облыс тұрғындарына алғыс айтамыз.

Жоба Міржақып Дулатұлының 140 жылдығы және Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы аясында өтіп жатыр.
«Ұлы Дала Жорығы» – үздік жылқы тұқымы анықталатын далалық лаборатория.

Марафон жаңалықтарын www.joryq.kz ресми сайтында, әлеуметтік желілерде бақылаңыз: fb - JORYQ, Instagram - joryqofficial, Tik-Tok - JORYQ, youtube - JORYQ.

БАҚ-пен ынтымақтастық және өзара іс-қимыл мәселелері бойынша + 7 778 854 54 05 нөмірі бойынша Сәкен Сейітханұлына хабарласуларыңызды сұраймыз.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары