Көлік министрлігі шекарадағы кептеліске қатысты түсініктеме берді

/
Көлік министрлігі шекарадағы кептеліске қатысты түсініктеме берді
Gov.kz

Ресейге өтетін шекарадағы өткізу пункттерінің жұмысы тексерілді, деп хабарлайды көлік министрлігі.

Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында көлік министрлігі өкілдері Шекара қызметімен бірлесіп, Ресей Федерациясына өтетін өткізу пункттерінде жан-жақты тексеру жүргізді.

Автокөлік қозғалысына арналған жолақтар, тексеру алаңдары, сондай-ақ азаматтар мен қызметкерлерге қызмет көрсетуге арналған ғимараттар мен нысандар тексерілді.

"Бірқатар өткізу пунктінде, әсіресе жүк көліктері Ресей Федерациясы бағытына қарай шығатын бейтарап аймақта жиналып қалған. Салдарынан ұзын-сонар кептеліс болып, өткізу рәсімдері баяулаған. Жүргізушілер қосымша уақыт үшін шығынданған", - дейді министрлік.

Ведомствоның мәліметінше, кептеліске көрші мемлекетте енгізілген шара себеп болған.

"Ресей Федерациясы тарапынан бақылау шараларының қатаңдатылуы себеп болып отыр. Атап айтқанда, жүктерді тексеру рәсімдері күшейтілген, көлік құралдарын қарау уақыты ұлғайтылған, сондай-ақ құжаттарды тексеру мен санитарлық және фитосанитарлық талаптардың сақталуын бақылауға қосымша шаралар енгізілген", - дейді көлік министрлігіндегілер.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары