Алдағы үш күнде ауа райы қандай болады

/
Алдағы үш күнде ауа райы қандай болады
istockphoto

«Қазгидромет» мамандары 21–23 қыркүйек аралығында еліміздің үш ірі мегаполисінде ауа райы қандай болатынын мәлімдеді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Астанаға арналған ауа райы болжамы

21 қыркүйек – күн бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 7–12 м/с. Түнде +4…+6 °C, күндіз +19…+21 °C.

22 қыркүйек – ауыспалы бұлт, жаңбыр. Жел 9–14 м/с, күндіз екпіні 15–18 м/с-қа дейін күшейеді. Түнде +9…+11 °C, күндіз +17…+19 °C.

23 қыркүйек – бұлтты, кей жерлерде жаңбыр. Жел 9–14 м/с, екпіні 15–20 м/с. Түнде +6…+8 °C, күндіз +15…+17 °C.

Алматыдағы ауа райы

21 қыркүйек – жауын-шашынсыз, ауыспалы бұлт. Жел 3–8 м/с. Түнде +8…+10 °C, күндіз +21…+23 °C.

22 қыркүйек – күн бұлтты, жауын-шашын күтілмейді. Жел 3–8 м/с, күндіз екпіні 15 м/с. Түнде +11…+13 °C, күндіз +24…+26 °C.

23 қыркүйек – бұлтты, жаңбыр, кей жерлерде нөсер және найзағай. Жел 3–8 м/с, екпіні 15–18 м/с. Түнде +13…+15 °C, күндіз +18…+20 °C.

Шымкент тұрғындарына ескерту

21 қыркүйек – жауын-шашынсыз, күн ашық. Жел 8–13 м/с. Түнде +13…+15 °C, күндіз +31…+33 °C.

22 қыркүйек – түнде жаңбыр, найзағай, күндіз жауын-шашынсыз. Жел 8–13 м/с, екпіні 15–20 м/с. Түнде +17…+19 °C, күндіз +23…+25 °C.

23 қыркүйек – ауыспалы бұлт, жауын-шашынсыз. Жел 8–13 м/с. Түнде +11…+13 °C, күндіз +23…+25 °C.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары