Алматы тауларында екі үндістандық студент құтқарылды

/
Алматы тауларында екі үндістандық студент құтқарылды
Видеодан скриншот

Алматы тауларында ТЖМ құтқарушылары 3 336 метр биіктікте қиын жағдайда қалған Үндістан азаматтарын эвакуациялады, деп хабарлайды turkystan.kz.

2001 және 2003 жылы туған екі жас турист «Космостанция» маңына көтерілген, бірақ қолайсыз ауа райының салдарынан өз бетінше төмен түсе алмаған. Суықтан тоңып, әрі жолды жалғастыру мүмкіндігі болмаған соң олар көмекке жүгінген.

Оқиға орнына жедел жеткен құтқарушылар студенттерді қауіпсіз түрде қалаға жеткізіп, дәрігерлерге тапсырды. Абырой болғанда, медициналық көмек қажет болған жоқ.

Біз Алматы шыңына шықтық, бірақ ауа райының қолайсыздығына байланысты уақытында түсе алмадық. Суықта тоңып қалдық. Қазақстан құтқарушыларының арқасында аман қалдық. Олар бізді қатты жел мен аяздан құтқарып қалды. Үлкен алғыс айтамыз, – деді құтқарылған студенттер.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары