Астанадағы көшелердің бірі жөндеу жұмысына байланысты жабылады

/
Астанадағы көшелердің бірі жөндеу жұмысына байланысты жабылады
Getty Images

Астанада бір көше жөндеу жұмысына байланысты жабылады. Бұл туралы Астана қаласы Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы мәлімдеді.

"М.Дулатов көшесінен Оқжетпес көшесіне дейінгі учаскеде яғни А.Герцен көшесінде жол төсеміне орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Осыған орай бұл учаскелер 20 қыркүйек пен 25 қыркүйек аралығында толығымен жабылады. Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерден маршруттарды алдын ала жоспарлауды және қозғалысты ұйымадстырудағы ықтимал өзгерістерді ескеруді сұраймыз. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін уақытша жол белгілері орнатылады", - деп жазылған хабарламада.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары