Семейдегі жәрмеңкеде 19,5 тонна сиыр еті мен мыңдаған келі көкөніс төмен бағамен сатылды

Семейдегі жәрмеңкеде 19,5 тонна сиыр еті мен мыңдаған келі көкөніс төмен бағамен сатылды

Абай облысының орталығы Семей қаласында әр сенбі сайын «Северный» сауда-логистикалық орталығында ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері тұрақты түрде өтеді.

Жәрмеңкелердің басты мақсаты – қала тұрғындарын сапалы әрі қолжетімді азық-түлікпен қамтамасыз ету.

Қаланың оң жағалауында орналасқан «Северный» СЛО (мекенжайы: Северный өндірістік торабы, 2) – заманауи үлгідегі тұрақты сауда алаңы. Аталған орталықпен жасалған меморандум аясында 24 сауда орны тегін беріліп отыр, бұл өз кезегінде өнім бағасының төмен болуына ықпал етеді.

Жәрмеңкеде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдері, яғни ет, сүт өнімдері, көкөністер, наубайхана бұйымдары мен жармалар ұсынылды. Бағалар нарықтағы бағадан төмен:

сиыр еті - 3500 тг/келі

тауық еті - 1500 тг/келі

бірінші сортты ұн - 180 тг/келі

нан - 150 тг

күнбағыс майы («Заречное») — 850 тг/л

сары май («Бородулиха ауданы») - 2800 тг/келі

картоп - 180 тг/келі

сәбіз - 200 тг/келі

пияз - 170 тг/келі

орамжапырақ - 190 тг/келі

қант - 490 тг/келі

жұмыртқа - 580 тг/ондық

қарақұмық - 250 тг/келі

Бүгінгі жәрмеңкеде 19,5 тонна сиыр еті, 1000 келі картоп, 1000 келі пияз, 250 келі сәбіз, 250 келі орамжапырақ сатылып, халыққа ұсынылды.

Бұл көлем тұрғындардың жәрмеңкеге деген сұранысының жоғары екенін көрсетеді. Семейліктер қолжетімді баға мен өнім сапасын оң бағалауда.

Қазір Абай облысы әкімдігі қыркүйек-желтоқсан айларына арналған қосымша ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерінің кестесін әзірлеуде. Бұл күз-қыс мезгілінде де тұрғындарды үздіксіз әрі қолжетімді азық-түлікпен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Семейдегі ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері - бұл жай ғана сауда емес, халықтың әлеуметтік қолдау тетігі.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары