Бүгін қай қалада ауа сапасы нашарлайды

/
Бүгін қай қалада ауа сапасы нашарлайды
istockphoto

Бүгін, 20 қыркүйекте еліміздің бірқатар қаласында қолайсыз метеожағдайлар болжануда, деп хабарлайды turkystan.kz "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап.

Синоптиктердің дерегінше, Орал, Алматы, Астана қалаларында, сондай-ақ түнде Атырау мен Қостанайда атмосфералық ауа сапасы нашарлауы ықтимал.

Қолайсыз метеожағдайлар – атмосфералық ауаның төменгі қабатында зиянды заттардың жиналуына әкелетін қысқа мерзімді табиғи факторлардың (әлсіз жел, тұман, инверсия, тыныштық) жиынтығы. Мұндай жағдайда қала ауасында ластаушы заттар қалып қойып, тұрғындардың денсаулығына кері әсер етуі мүмкін.

Мамандар қолайсыз метеожағдай кезінде тұрғындарға денсаулықты сақтауға арналған сақтық шараларын ұстануға кеңес береді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары