Демеу Жадраев әлем чемпионатында жүлдесіз қалды

/
Демеу Жадраев әлем чемпионатында жүлдесіз қалды

Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Демеу Жадраев грек-рим күресінен Загребте (Хорватия) өтіп жатқан әлем чемпионатында жүлдеге қол жеткізе алмады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Қазақстандық балуан 77 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде финалдық кезеңге дейін жетті.

Жадраев бұл кезеңде Венгрия спортшысы Роберт Фричпен қола жүлдені сарапқа салды. Тартысты өткен айқас 6:5 есебімен қарсыластың пайдасына аяқталды.

Осылайша, отандасымыз әлем чемпионатын бесінші орынмен аяқтады.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары