Астаналық оқушыға тұңғыш рет «Еңбек сіңірген спорт шебері» атағы берілді

/
Астаналық оқушыға тұңғыш рет «Еңбек сіңірген спорт шебері» атағы берілді
gov.kz

Астана қаласындағы №70 мектеп-лицейінің 11-сынып оқушысы Аңсат Алдияр Исатайұлына «ҚР Еңбек сіңірген спорт шебері» атағына ие болды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Бұл туралы елорда әкімдігі мәлімдеді.

"Бұл – елімізде мектеп оқушысына тұңғыш рет беріліп отырған мәртебелі марапат.

Жас шахматшы Алдияр Қазақстан спортының мақтанышы. Ол әлемдік деңгейдегі түрлі беделді додаларда қарсыластарын шаң қаптырып, талай рет жеңімпаз атанды. Әлем чемпионаттары мен халықаралық турнирлерде топ жарып, еліміздің атын танытып, көк туымызды биікте желбіреткен жас әлем чемпионы", - делінген хабарламада. 

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары