Kalifarniya лақап атымен танымал әнші Фархат Қалиев елдің сынына қалды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Желіде өнер иесінің күзетшілермен бірге халықтан қашып бара жатқан видеосы тараған. Танымал хитменнің аталған іс-әрекеті жұртты ашуландырды.
"Кімнен қашып бара жатыр? Ешкім қуып бара жатқан жоқ қой", "Тыңдарманын сыйлауды Димаштан үйреніңдер", "Тіпті әлемдік жұлдыздар да өзін дәл осылай ұстамайды", "Бұл кім өзі?", "Джей Лоның өзі бұлай қашқан жоқ қой", "Жұлдыз ауруы деген осы ма?", – деп жазды көпшілік.