Талғар тұрғыны ауладағы адамдарды пышақтамақ болған (ВИДЕО)

/
Талғар тұрғыны ауладағы адамдарды пышақтамақ болған (ВИДЕО)
скриншот

Талғар қаласында 35 жастағы мас адам аулада жүрген адамдарды пышақтап, өлтірмек болды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Оқиғаның барысын жергілікті тұрғын телефонына түсіріп, әлеуметтік желіге жариялады.

«Талғарда Абай көшесіндегі аулада ер адам пышақ ұстап, балаларға тап берді. Мен оны аяғынан теуіп құлатып, назарын өзіме аудардым», – делінген жазбада.

Алматы облысы полиция департаментінің мәліметінше, құқық бұзушы тез арада ұсталып, полиция бөліміне жеткізілді. Қауіптің алдын алу мақсатында ол наркологиялық диспансерге жатқызылды.

Ер адам ҚР заңнамасына сәйкес жауапкершілікке тартылды. Полиция азаматтардың қауіпсіздігіне қауіп төндіретін кез келген әрекетті қатаң бақылауда ұстайтынын және құқық бұзушыларға қарсы жедел шаралар қолданатынын ескертті.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары