Ақмола облысында таныс қызын үйіне шақырған жігіт несие арқалап қалды

/
Ақмола облысында таныс қызын үйіне шақырған жігіт несие арқалап қалды
istockphoto

Ақмола облысында ер адам танысын үйіне қонаққа шақырып, артынан өзінің атына 1 млн 442 мың теңге көлемінде кредит рәсімделгенін білген. Бұл туралы облыстық полиция департаменті хабарлады.

Тексеру барысында белгілі болғандай, бойжеткен Щучинск қаласында танысының үйінде қонаққа барып, сол жерде оның телефоны арқылы несие ресімдеген. Ол «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында ұсталды.

12-14 қыркүйек аралығында өткен шара кезінде полиция:

25 қылмысты әшкереледі,
11 адамды заңсыз зат сақтағаны және алып жүргені үшін ұстады.
Полицейлер аула мен көшелерді, сауда орындарын және халық көп жиналатын жерлерді тексеріп, құқық бұзушылықтардың алдын алуға баса назар аударды.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары