Түркістан облысы Жетісай ауданында тұрғындар атаулы әлеуметтік көмекті негізсіз алған, деп хабарлайды облыстық прокуартура.
Түркістан облысының прокуратурасы атаулы әлеуметтік көмек алу үшін жалған қорытындылар жасалғанын анықтады.
"Жетісай ауданында атаулы әлеуметтік көмек тағайындау үшін жергілікті атқарушы орган құрған комиссия "атаулы әлеуметтік көмекке мұқтаж емес" деген қорытынды бергеніне қарамастан 18 отбасыға негізсіз 3,1 млн теңге төлем жүргізілген", - дейді ведомство.
Ал Сарыағаш ауданының Қапланбек ауылдық округінде учаскелік комиссия хатшысы мен ауылдық округ әкімінің орынбасары комиссия мүшелерінің атынан қол қойып, 56 өтініш бойынша жалған қорытынды рәсімдеген. Салдарынан 9,7 млн теңге мемлекеттің қаржысы мақсатсыз жұмсалған.
Қазіргі уақытта қаражатты қайтару және кінәлі тұлғаларды жауапқа тарту бойынша жұмыстар атқарылып жатыр.