Петропавлда тұрғын үйден өрт шығып, 43 адам эвакуацияланды

/
Петропавлда тұрғын үйден өрт шығып, 43 адам эвакуацияланды
istockphoto

Петропавл қаласында көпқабатты тұрғын үйде өрт шығып, ТЖМ қызметкерлері 43 адамды эвакуациялады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Өрт Н.Назарбаев көшесіндегі 5 қабатты тұрғын үйдің 3-қабатындағы пәтерден шыққан. Оқиға орнына жедел жеткен ТЖД бөлімшелері баспалдақ арқылы 42 адамды, оның ішінде 5 баланы эвакуациялады. Сонымен қатар 1961 жылы туған ер адам құтқарылып, жедел жәрдем бригадасына тапсырылды. Ол ауруханаға жатқызылды, - делінген хабарламада.

Алдын ала болжам бойынша, өрттің шығуына зарядтау құрылғысының қысқа тұйықталуы себеп болған.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары