Жамбыл облысында жұмыстан заңсыз қуылған мұғалімдерге 10 млн теңге төленеді

/
Жамбыл облысында жұмыстан заңсыз қуылған мұғалімдерге 10 млн теңге төленеді
istockphoto.com

Жуалы аудандық соты аудандық мектеп пен үш мұғалім арасындағы еңбек дауын қарады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Талапкерлер зейнет жасына толуына байланысты мұғалімдік қызметтерінен босатылған.

«Даудың мәні мынада: мектеп директоры талапкерлерге еңбек шартын олардың зейнет жасына толғанға дейін тоқтату туралы жазбаша хабарлама берген. Осылайша ол Еңбек кодексінде көрсетілгендей, еңбек шартын бұзу күніне дейін кемінде 1 ай бұрын хабарлау құқығын бұзған», – деп мәлімдеді сотта.

Өз талап-арызында мұғалімдер соттан хабарламаны және жұмыстан босату туралы бұйрықты заңсыз деп тануды, оларды жоюды, бұрынғы жұмыстарына қайта орналастыруды, мәжбүрлі бос жүрген уақыты үшін еңбекақысын өндіріп беруді, моральдық зиянның өтемақысын және өкілдің қызметіне кеткен шығындарды өндіруді сұрады.

Сот шешімімен талап-арыздар ішінара қанағаттандырылды:

хабарламалар мен жұмыстан босату туралы бұйрықтар заңсыз деп танылды;

талапкерлер бұрынғы қызметтеріне қайта орналастырылды;

Талапкерлердің пайдасына мәжбүрлі бос жүрген уақыт үшін жалпы сомасы 9 млн теңгеден астам еңбекақы, 300 мың теңге көлемінде моральдық зиян және 900 мың теңге өкіл қызметіне кеткен шығын өндірілді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары