Ақтөбеде КамАЗ көлігі әйел адамды қағып кетті

/
Ақтөбеде КамАЗ көлігі әйел адамды қағып кетті
istockphoto.com

Жол апаты 16 қыркүйек күні Едіге батыр көшесінде болған, деп хабарлайды turkystan.kz.

Полиция департаментінің мәліметінше, әйел жол жиегінде тұрған кезде оны КамАЗ қағып кеткен. Оқиға салдарынан ол өміріне қауіпті жарақат алып, көз жұмды. Оқиға орнына дереу патрульдік полиция жасағы мен жедел-тергеу тобы шығып, тергеу басталды.

– Ақтөбе облысының полиция департаменті барлық жол қозғалысына қатысушыларды жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға және жолда мұқият болуға шақырады, – деп үндеу жасады полицейлер.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары