Ақтөбеде өткен фестивальде ұйымдастырушылар Qarakesek лақап атымен белгілі әнші Омар Амантаевты сахнаға шығармай қойған, деп хабарлайды turkystan.kz.
aktobe\_zello паблигінің мәліметінше, әншіні ұйымдастырушылар кешіккені үшін өткізбеген. Ол жалғыз жергілікті әртіс болған.
«Қаракесек Ақылбекті қолдау мақсатында тегін өнер көрсеткісі келген, бірақ сахнаға шықпады. Бұл ақтөбеліктер үшін үлкен өкініш болды», – делінген хабарламада.
Желі қолданушыларының бір бөлігі ұйымдастырушыларды сынға алды.
«Ұят болды, жергілікті әртісті шығармады», «Өз қаласының өнерпазын құрметтемеді, арсыздық», – деп пікір білдірді.
Алайда кейбіреулер керісінше ұйымдастырушыларды ақтап алды.
«Афишада мүлде көрсетілмеген. Егер кешіксе, уақыт кестесі бар, сондықтан сахнаға шығармауы қалыпты жағдай», – деген уәж келтірді.