Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Ақмола облысына барды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді.
"Президент өңірдегі агроөнеркәсіп кешенінің дамуымен танысып, әлеуметтік нысандарды аралап көреді. Сапар аясында астықты өңірлер әкімдерінің қатысуымен егін жинау науқанына арналған кеңес өткізу жоспарланған", - делінген хабарламада.
 
								 
                                             
                                             
                                             
                                             
                                             
                                             
                                         
                                        