Танымал продюсер Гүлзира Айдарбекова ұлы Қайрат Нұртас пен келіні Жұлдыз Әбдікәрімованың ара-қатынасы туралы айтты, деп хабарлайды turkystan.kz.
Желі қолданушысы әншінің отбасына қатысты сұрақ қойған болатын.
«Бәріне Қайрат пен Жұлдыз жұмбақ болды. Қайратты бәріміз жақсы көреміз. Әндері ерекше, тамаша. Енді сол бәріне жұмбақ болды ғой. Жұлдызбен тұрама, ажырасты ма. Қызын неге дүркіретіп шығарып алмады? Жұмбақтамай бәрін түсіндіретін уақыт болды ғой», - деп сұрақ қойды оқырман.
Ал продюсер ұлы мен келіні ажыраспағанын және қазір бірге екенін айтып, жауап берді.
«5 баласын тастап қайда кетуші еді. Бірге әрине. Бірге жүргендерін сала ма, жоқ па өз қалаулары ғой. Менің дегенімді жасаудан өтіп кеткен ғой. Қайтесіз өздері білсін. Мен өзім үшін жауап берсем жеткілікті», – деп жазды продюсер.