Тараз қаласындағы №47 мектептің 9-сынып оқушысы қаза тапты. Куәгерлердің айтуынша, ол мектеп әжетханасында сыныптасының соққысынан кейін көз жұмған, деп хабарлайды turkystan.kz.
Адам өліміне әкеп соқтырған денсаулыққа ауыр зиян келтіру фактісі бойынша (ҚР ҚК 106-бабының 3-бөлігі) сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды, - деп хабарлады Жамбыл облысының полиция департаменті.
Күдікті жасөспірім уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.
Айта кетейік, бұл – апта ішінде өңірде болған екінші қайғылы оқиға.