Павлодардағы мектепте 7 оқушыны күйік шалды

/
Павлодардағы мектепте 7 оқушыны күйік шалды
istockphoto.com

Павлодардағы мектепте жеті оқушы химиялық заттармен ойнағаннан кейін күйік алған, деп хабарлайды turkystan.kz.

Облыстық жедел жәрдем станциясының мәліметінше, №37 мектепке қоңырау 15 қыркүйек күні сағат 12:49-да түсті. Оқиға орнына екі жедел жәрдем бригадасы жіберілді. Барлығы жеті оқушы зардап шекті.

– Балаларға қол, бет және көздің термиялық күйігі диагнозы қойылды. Жарақаттар химиялық заттармен: «крот» + мохито + фольгамен ойнағаннан кейін алынған. Ауыр халдегі науқастар жоқ, – деді департаментте.

Зардап шекккендердің барлығы – алтыншы сыныптың оқушылары. Айта кетейік, №37 мектепке шұғыл түрде өрт сөндірушілер, құтқарушылар және апаттар медицинасы орталығының бригадасы келді.

– Өз қолдарымен жасалған қоспа пайдаланылған кезде жеті оқушы зардап шекті. Алдын ала мәлімет бойынша, бөтелкенің ішінде жарылыс болған, – деді облыстық ТЖД баспасөз қызметінде.

Апаттар медицинасы орталығының қызметкерлері бір зардап шегушіні қарап, алғашқы медициналық көмек көрсетті, қалғандарын жедел жәрдем қызметкерлері қарап, облыстық балалар ауруханасына жеткізді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары